АймақБас тақырыпШет
Шет ауданының барлық ауылдарында электр қуаты қалпына келтірілді
Шет ауданының барлық ауылдарына жарық берілді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 21 ақпанда Шет ауданында электр қуатының үзілуіне байланысты ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Аудан әкімі Мұхит Мұхтаровтың айтуынша “Шет-Энерго” «Жезқазған электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын тасымалдау талаптарын орындамаған. Жақын арада желілерге толық аудит жүргізу үшін аккредиттелген компаниялар тартылып, электр жүйесі толық жаңартылмақ.
Ілияс Дүнгенбайұлы.