Шет ауданында жаңа спорт кешені ашылды
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Шет ауданының Нұра ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Енді ауыл тұрғындары футзал, жекпе-жек, фитнес және басқа да спорт түрлерімен жыл бойы айналыса алады. Нысан 200 адамға арналған.

Аймаққа жұмыс сапарымен барған Ермағанбет Бөлекпаев ауылдарда спорттық инфрақұрылымды дамыту жалғасатынын атап өтті. Жаңа кешенді Sary-Arka Copper Processing компаниясы салған. Нысан жабдықталу сапасы бойынша қалалық спорт кешендерінен кем түспейді.

Кешенде әмбебап спорт залы, тренажер залы, жекпе-жек және күштік жаттығулар залдары бар. Мұнда жаттығулармен қатар жарыстар өткізуге мүмкіндік жасалған.

Жаңа нысан ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасап, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жол ашады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



