АймақШет

Шет ауданында жаңа балабақша ашылды

Қарағанды облысы Шет ауданы Өспен ауылында мемлекеттік тапсырыс бойынша 50 орындық «Інжу»  балабақшасы іске қосылды. Онда бір жастан бес жасқа дейінгі балаларға арналған екі топ бар.

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұрын ауылда балабақша болмаған.

– 13 адам жаңа балабақша кешеніне жұмысқа орналастырылды. Олар: тәрбиешілер, тәрбиешілердің көмекшілері, аспаздар, ас үй қызметкерлері, өрт сөндірушілер, күзетшілер, кір жуушылар, тазалаушылар және медбике. Жатын бөлме мен ойын бөлмелері бөлінген. Аулада ойын алаңдары жабдықталған, болашақта қосымша әткеншектер орнатылады. Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін инклюзивті топ ұйымдастыру жоспарлануда, – деді балабақша құрылтайшысы және «ИНЖУ М2023» ЖШС директоры Ерқанат Шайхы.

Ата-аналардың қалауы бойынша балаларды мектепке дейінгі мекемеге жеткізу ұйымдастырылған.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button