АймақБас тақырып
Шет ауданындағы табиғи өрт оқшауланды
21 шілдеде 14:00-де Шет ауданы Талды ауылдық округінің Қотыртау тау алабы аумағындағы табиғи өрт ошағы оқшауланды.
Өрттің жалпы ауданы – 1872 га. Оның ішінде 167,7 га аумақ «Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық» аумағына тиесілі.
Су құю және қарауылдау жұмыстары жүргізілуде.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz