Бас тақырыпБасты тақырыпШет

Шет ауданындағы Ортау ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Қарағанды облысының Шет ауданында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы бойынша жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Ортау ауылында бой көтерген нысан аймақтағы үш елді мекеннің 400-ден астам тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Суреттер Облыс әкімдігі сайтынан

Нысанның ашылуына облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев, Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров және ауыл тұрғындары қатысты.

Өрт сөндіру бекеті қажетті техникамен, байланыс құралдарымен және тәулік бойы кезекшілік атқаруға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қызметкерлер үшін душ, демалыс бөлмесі мен ас үй қарастырылған.

«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаты – ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру.

Елді мекендерде қажетті техника және құрал-жабдықтармен қамтылған ерікті өрт сөндіру бөлімшелері құрылуда. Бұл төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет етуге, олардың салдарын жоюға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жамал АКПАРОВА

 

Басқа материалдар

Back to top button