АймақБас тақырыпЖаңалықтарШет

Шет ауданында ТЖ режимі енгізілді

Шет ауданында энергиямен жабдықтау жағдайына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды.

«Шет-Энерго» «Жезқазған электр тарату желісі компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі талаптарын орындамаған. Осы себепке байланысты ауданда электр қуатын беруге шектеу қойылды.

– «Шет-Энерго» көп жылдар бойы электр желілерін жаңғыртуға қаражат салған жоқ. Бұл энергиямен жабдықтаудың жүйелі іркілістеріне әкелді.

Тұрғындар жиі өшірілуден зардап шегеді, тек жарықсыз ғана емес, жылусыз да қалады. Тұрақты ескертулерге қарамастан, «Шет-Энерго» қызметтерінің сапасы жақсармай тұр, – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button