Шет ауданында төтенше жағдай жарияланды
Аймақта жағдай тұрақты болғанымен, шиеленісіп тұр. Кеше Шет ауданында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Шет ауданында 3 елді мекенді су басты. Су басқан үйлерден 292 адам эвакуацияланды. Оның 114-і – бала. Сонымен қатар, Самарқанд және Ынтымақ су қоймасынан 900 текше метрге дейін су шығарылды.

Шерубай-Нұра өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қайрақты ауылының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Жергілікті полиция қызметкерлері 67 адамды эвакуациялады.
Оның ішінде 32-сі – бала. Бәрі Ақсу-Аюлы ауылындағы туған-туыстарының үйіне орналастырылды. Аймақта су басу қаупі бар 15 үй болса, 9-ы су астында қалды.
Бүгінде өзен арнасына ұзындығы 600 м болатын қаптар төселіп, уақытша бөгет орнатылуда. Әрі елді мекен жағынан блок пост қойылды.
Аймақтағы жағдай бақылауда. Су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істеуде.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz