АймақЖаңалықтар

Шет ауданында 64 шақырымнан астам жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Шет ауданында бес ауылдың жолдары мен 56 кірме жолдар жөнделді. Биыл барлығы 64 шақырымнан астам автожол орташа жөндеуден өтпек.

 

Оның ішінде 30 км – облыстық маңызы бар жолдар, 15 км – ауылдық округтерге жататындар, 19,1 км – кентішілік және ауылдық жолдар.

Ауданда ауылдық елді мекендердің жол инфрақұрылымын құруға көп көңіл бөлінеді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Батық, Бұрма, Дәрия, Көктінкөл және С.Сейфуллин ауылдарындағы жолдар орташа жөндеумен қамтылды.

 

 

– Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен Ақсу-Аюлы, Ақжал, Жұмыскер және Талды ауылдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық бюджет қаражаты есебінен өткен жылы біз 56 айырмаға кірме жолдарды жөндей бастадық. Биыл бұл учаскелерді орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Ақадыр кентінде жалпы ұзындығы 4,9 км жеті көшеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Онда 21 шақырым жол төселеді, –дейді Шет ауданының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Дархан Смайылов.  

Сондай-ақ, ауданда Ақадырдан Өспен және Жарық ауылдарына дейінгі жол жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Өткен жылдары жол төсемінің бір бөлігі ретке келтірілді. Биыл тағы 30 шақырымды қамту жоспарлануда.

Мердігерлердің жұмысын бақылауды ТКШ және Ұлттық жол активтері сапасы орталығының Қарағанды облыстық филиалының мамандары жүргізеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button