Шет ауданында 34 отбасы жаңа пәтер кілттерін алды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Шет ауданының 34 отбасына жаңа үйдің пәтер кілттері табысталды.
Ақсу-Аюлы ауылында 3 және 4 бөлмелі пәтер кілттері 26 адамға берілді. Ақжал кентінде екі жаңа таунхауста сегіз отбасына үй берілді.
Жаңа қоныстанушыларға кілтті Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров табыс етті. Ол тұрғындарды көптен күткен қуанышты күндерімен құттықтап, оларға жаңа үйде бақыт пен береке тіледі.
– Тұрғын үй кезекте тұрғандар үшін арнайы салынған. Барлық пәтер сатып алу құқығымен жалға беріледі, – деп атап өтті аудан әкімдігі.
Жаңа үйлердің айналасы асфальтталған. Жылумен жабдықтау үшін орталық қазандық орнатылған.
Биыл Шет ауданында кезекте тұрған 122 отбасы пәтерге ие болды. Ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатын болады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz