Шет ауданы тұрғындарының назарына!
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен басқарма басшылары Шет ауданының тұрғындарымен кездеседі.
Халықпен кездесу 2023 жылғы 26 қазан сағат 15.00-де Ақжал кенті мәдениет үйінде өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-71031) 21-4-90 телефоны арқылы және shetkense@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.