АймақБас тақырып

Шерубай-Нұра өзендерінің жоғарғы ағыстарында мұз жыртылуы байқалды

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі жағдай бойынша облыс аумағының 73%-ында қар жамылғысы сақталған. Нұра мен Шерубай-Нұра өзендерінің жоғарғы ағыстарында мұз жыртылуы басталғаны байқалды.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев және Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков су тасқыны қаупі бар аймақтарды аэровизуалды тексеруден өткізді. Ерекше назар өзендерге жақын орналасқан елді мекендерге, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстар мен қорғаныс бөгеттерінің жағдайына аударылды.
Жағдай бақылауда. Құтқарушылар мен коммуналдық қызметтер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмысын жалғастыруда.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button