Жаңалықтар

Шектеу шаралары бизнес ахуалды ескере отырып енгізіледі

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ мәлімдеді. Ол аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал мен бизнеске ықпалды есепке ала отырып, бірнеше нұсқа ұсынылғанын айтады.

Яғни, карантин немесе қатаң шектеу шаралары жан-жақты ойластырылып енгізіледі.

– Бәрі қаралып жатыр. Түпкілікті шешімді мемлекеттік комиссия жақын арада қабылдайды, деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Естеріңізде болса, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің таралуына қарсы кеңес барысында Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс деп тапсырған болатын.

Салтанат ІЛИЯШ.

 

Басқа материалдар

Back to top button