Шектеу енгізілді
Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №23 жаңа қаулысы негізінде облыс көлемінде жаңа шектеулер енгізілді.
Бұл жолы «Ashyq» жобасын пайдаланатын келесілердің:
— Аквапарктер, оның ішінде орналасқан бассейндер;
— Жағажайлар, оның ішінде рұқсат етілмегендері;
— Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар;
— Аттракциондар, оның ішінде ашық ауада орналасқан;
— Облысаралық және қалалық тұрақты емес туристік тасымалдар
— Жеке кеме қатынасы құралдарын жеке пайдалануды қоспағанда, серуендеуге арналған кеме қатынасы құралдары (теплоходтар, катерлер, қайықтар, катамарандар, су мотоциклдері және т. б.) жұмысы толығымен тоқтайды.
Бассейндердің жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылады, «Ashyq» жобасы қолданылатын объектілерді қоспағанда. Оларға тек жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі және демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
Бұған дейін енгізілген сенбі және жексенбі күндеріндегі тыйымнан басқа келесі объектілердің жұмыс мерзіміне де шектеу енгізілді:
— Сауналар, СПА-орталықтары, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес-клубтары, фитнес-орталықтары және йога орталықтарын қоса алғанда «Ashyq» қосымшасын пайдаланбай сағат 20.00-ге дейін шектеу. Карантин енгізу кезеңіне қойылатын талаптарды сақтай отырып.
— Сауда орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес тауарларды сататын сауда желілері, көтерме-тарату орталықтары (осы объектілерде вакцинация пункттерінің орналасуына қарамастан), ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық түлік емес дүкендер (жеке тұрған), жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), супермаркеттер ішінде дәріханаларды қоспағанда сағат 17.00-ге дейін қысқарады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген объектілерде «Ashyq» қосымшасын пайдаланса да демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндері қызметі тоқтатылады.
Бұдан басқа, діни объектілерде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар, дұға үйлері және басқалары), оның ішінде ашық ауада (жұма намазы, айт намазы, литургиялар, масса, аптимица және басқалары) ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Қоғамдық тамақтану объектілерінде (үй-жайда), оның ішінде «Ashyq» жобасы қолданылатын дәмхана, мейрамхана, бар, асхана және банкет залдарында жұмыс уақыты түнгі сағат 2.00-ден 22.00-ге дейін қысқартылады. Жазғы алаңдардың жұмыс уақыты кешкі сағат 24.00-ге дейін болады (бұрын 2.00-ге дейін).
Бұдан басқа, бұрыннан қолданыстағы ойын-сауық, бұқаралық, ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу шараларын, сондай-ақ, конференциялар, форумдар, семинарлар мен дөңгелек үстел сияқты шараларды өткізуге енгізілген тыйымдармен қатар, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге, оның ішінде ашық ауада да өткізуге тыйым салынады.
Қаулы 2021 жылғы 13 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.