АймақАқтоғайБас тақырып

Шегірткеге қарсы күрес жалғасуда

Ақтоғай ауданы аумағындағы жайылымдық жерлердегі шегіртке зиянкестері таралуының алдын алу мақсатында химиялық күрес шаралары басталды. Осыған орай Жидебай ауылдық округінің әкімі Абзал Бейсенбаев Сәуле, Үшарал елдімекеніне арнайы барып, шегірткеге қарсы дәрілеу жұмыстарының барысымен танысты.

Сурет ernur.kz

– Ең басты мақсат – шегіртке ошақтарын тез арада залалсыздандырып, зиянкестердің кең етек алып кетпеуіне тосқауыл қою. Ауданға қарасты жайылымдық және егістік жерлерді шегірткеден аман алып қалу. Осы тұрғыда облыс әкімінің өкімімен облыс аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында штаб құрылған болатын. Бүгінгі таңда аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары, фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу жоспарланған, – дейді ауыл әкімі Абзал Бейсенбаев.

Айта кетейік, мамандардың мәлім­деу­інше, дәрілік заттар төрт түлік малға, балық пен өзге тіршілік иелеріне қауіпсіз көрінеді. Шіркейлердің дернәсілдерімен күресу үшін дәрілерді суға жіберу әдісі, ал су қорғау және далалық аймақтарда химиялық өңдеу әдісі қолданылмақ. Бүгінде Жидебай ауылдық округінің Сәуле, Үшарал елдімекендерінде жалпы 1500 гектар аумақты дәрілеу жұмыстары жүргізілді.

Нұрдос КӘРІМ,
Ақтоғай ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button