Жаңалықтар

Шеберлер мектебі

Нәтижелі еңбегі қалалық байқауда жоғары баға алған Баршагүл Тоқтыбаеваның жұмыстары «Ұлы дала мұрагерлері» форумына жолдама алып, «Шеберлер қаласы» көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды.

Жезқазған қаласында өткен бұл форумға қатысқан Баршагүл Сәлкенқызының шәкірттерінің қолынан шыққан өнер туындылары шығармашылық даралығымен ерекшелінді. Атап айтсақ, «Тотықұс» бейнесін орындаған 8-сынып оқушысы Зарина Мыңжасарова табиғат перзентін тың бояулар арқылы дәл бейнелеп, кәсіби біліктілік көрсете білді. Асхат Жадыраның биссер арқылы өрнектеген «Түймедақ гүлі» туындысы 8-сыныпқа дейінгі оқыған биология, география, физика, технология пәндерінен жинақтаған білімдерін біріктіре отырып орындағанын көрсетті. Ал, 7-сынып оқушысы Арай Дихамбаеваның «Табиғат көрінісі» өрнектелген полотносы өзара жымдасқан композициясымен ерекшеленді. 6-сынып оқушысы Нұржан Назерке бейнелеген «Күз көрінісі» өзі таңдаған жұмысты зор ынтамен орындаған оқушы шеберлігін айғақтады.

Қазіргі нәтижелі жұмыстың бастау бұлағы – «Қолданбалы қолөнер», «Геометриялық денелердің проекциялары», «Былғарымен жұмыс» тақырыптарында өткен зерттеу сабақтары және «Бисер тоқу» бағдарламасын, интернет технологияларды, компьютерлік графиканы пайдалана отырып өткізген қазіргі заман талабына сай үйірмелер.

Баршагүл Сәлкенқызы 1997 жылы №1 жалпы білім беретін орта мектебіне технология пәнінен мұғалім болып орналасқаннан бері оқушыларды шығармашылық жұмыспен айналысуға жетеледі. Жетістіктері де сан-алуан. Облыстық сурет көрмесіне қатысып, дипломмен марапатталып, «Біз салауатты өмірді қолдаймыз!» көрмесінде І орын, «Өркен-Атасу» мекемесі ұйымдастырған «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты сақтау» тақырыбындағы плакаттар көрмесінде 8 оқушы арнайы сыйлыққа қол жеткізгенін атап өткім келеді.

Ал, негізгі мектепті бітіруші 9-сынып оқушылары таңдау пәні бойынша сызу, технология пәнін таңдап, политехникалық колледжге техникалық мамандықтар бойынша сызба геометриясы пәнінен терең білімдерін көрсетті. Аталмыш оқу орындарынан ұстаз атына Алғыс хаттар келді. Мамандық таңдауда маңызды қадам жасауға жетекші болған Баршагүл апайға шәкірттері де алғысқа толы хаттар жолдауда.

Алғысқа бөленген ардақты ұстаз Баршагүл Сәлкенқызы секілді өз пәнінің кәсіби шебері атанған ұстаздардың көп болғаны жақсы.

Мереке ИМАНБЕРЛИНА,

№1 мектептің мұғалімі.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button