Спорт

Шавкат Рахмонов кезекті қарсыласын жеңді

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов (19-0) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) бұрын жеңіліп көрмеген ирландиялық Ян Гарримен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтап, кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірген. 

Сурет kz.kursiv.media

Жекпе-жек тартысты өтті. Бірақ қазақстандық спортшы UFC-тің мықты жауынгері екенін дәлелдеді. Жекпе-жектен кейін отандасымыз: 

– Барлығыңызға рахмет! Алға, Қазақстан! Әрине, Гарри мықты жігіт, мықты қарсылас. Өте тең жекпе-жек көрсеттік. Ол өзін дәлелдеді. Осы жыл ішінде мен үшін өте көп ауыр жағдайлар болды, сонда да ұрысқа барынша жақсы дайындықпен келдім, – деді ол Джо Роганға берген сұхбатында.

Еске салайық, Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммадпен (24-3) айқасқа түсуі керек еді. Бірақ денсаулығына байланысты ол ойыннан бас тартты.

Мұхаммедтің сауығып кетуін күтіп, одан кейін онымен титул үшін жекпе-жекке шығуға болатын еді. Бірақ, Шавкат ұзақ уақыт бойы үзіліс жасамау жөнінде шешім қабылдады. 

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button