Бас тақырып

Шатырдан құлаған сүңгіден қауіп көп

Қар еріп, жылғалардан су ағатын уақыт та таяп қалды. Қазгидрометтің ақпараттарына сүйенсек, алдағы аптада күн жылиды-мыс. «Балағынан су кешіп» жүретін күннің де ауылы алыс емес, демек. Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар қызметі ғимараттар мен құрылыстардың шатырында қатып қалған қардан абай болуға шақырады. Мұз сүңгілері мен құлаған қар адам өміріне қауіп төндіреді деп ескерту жасады.

Сурет пен видео: ТЖД-нен

Бүгінде өңір бойынша көше ортасындағы үйінді қарлар мен суағар желісі, өзен жолдары қардан тазалануда. Су тасқынының алдын алу мақсатында жауапты мамандар тиісті жұмыс атқаруда. Ал, шатыр үстінде үйілген қар мен мұз – мамандарды алаңдатып отыр. Соның салдарынан жазатайым оқиғалар орын алмауы үшін сақ болуға шақырады.

– Шатырдан мұздың немесе қар қабаттарының жиналуы мен құлауы мүмкін жерлерді айналып өткен жөн. Егер қауіпті жер қоршалған болса, ескерту таспаларының астынан өту арқылы жолды қысқартуға тырыспаңыз. Ересектер жарақаттанудың алдын алу үшін балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Автокөлік жүргізушілеріне көліктерін ғимараттардың жанында қалдырмауға кеңес береміз, – деді төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button