Спорт
Шацкий – үздік бестікте
Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының әрі Қазақстан ұлттық құрамасының бірінші қақпашысы Игорь Шацкий Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі ойындарда сейв жасаған үздік бес қақпашының қатарына енді.
Іріктеу кезеңіндегі ойындарда 22 сейф жасаған Лихтенштейн қақпашысы Бенджамин Бухель үздік қақпашылардың көшін бастап тұр. Гибралтар қақпашысы Дэйл Коулинг 20 сейвпен екінші сатыға жайғасқан. Ал, үшінші сатыда 13 сейвпен түркиялық Мерт Гюнок табан тіреді.
Финландия құрамасының қақпашысы Лукас Градецки 12 сейв жасап, төртінші сатыға жоғарылады. Ал, Мальталық Анри Бонелло мен отандасымыз Игорь Шацкий 11 сейвтен жасап, V орынды өзара бөлісіп тұр.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz