Жаңалықтар

Шашубайлықтар әлем чемпионын лайықты қарсы алды

Кикбоксингтен әлем чемпионы атанған Гауһар Сайлаубекпен Ақтоғай ауданы, Шашубай кентінде келелі кездесу өтті.

Ел мақтанышына айналған спортшыны облыстық мәслихаттың депутаты А.Түкбаева және Шашубай кентінің әкімі Н.Мангишев пен жерлестері Сарышаған станциясының ТЖ вокзалынан күтіп алды.

Жергілікті өнерпаздар ел намысын қорғап жүрген ер жүрек қызымыз Гауһарға ән мен күйден шашу шашты.

Сондай-ақ, А.Түкбаева мен Н.Мангишевтің құттықтауларынан кейін Ақтоғай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Кішкентаев әлем чемпионына ақжарма тілегін білдіріп, аудан әкімдігінің атынан 2 млн. теңгенің сертификатын табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қазан айының басында Лидо-ди-Езоло қаласында (Италия) “World Champion – 2022” кикбоксингтен Әлем чемпионаты өтіп, байрақты бәсекеде Гауһар Сайлаубек ел қоржынына алтын медаль салған болатын.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button