Ақтоғай

Шашубай жастарының жетістігі

    Шашубай кентіндегі «IT-технологиялар» құзыретті орталығының оқушылары халықаралық «Код сағаты» акциясына қатысты.

Сайыстар оқушы, студенттерді IT саласымен таныстырып, жұмыс істеудегі артықшылықтарын көрсету, сондай-ақ, жастарға өздері ойлап тапқан кодтарын жазуды үйрету мақсатында ұйымдастырылды. Шара алғаш 2014 жылы өткізіліп, оған 7, 1 млн. оқушы қатысқан. Ал, 2016 жылы ұйымдастырушылар акцияға 9 млн. астам мектеп оқушылары келгенін айтады. Биылғы акция Ресей елінде өтті. Жарыстар үш деңгей бойынша 1 деңгейге  – 4 сыныпқа дейінгі, аралық деңгейге – 5-7, жоғарғы деңгейге – 8-11 сынып оқушысы қатысты.

Шашубайлық «Ақжелкен» жастар баспасөз орталығының мәліметіне сүйенсек, оқушылар халықаралық сайыста ерекше қабілетімен көрінген. Көпшілікке компьютерлік бағдарламаларды зерттеудің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. Бір сағаттың ішінде қарапайым және көңілді бағдарламалау негіздерін игеріп, өздерін жаңа қырынан көрсетті. Сондай-ақ, IT-технологияның қолжетімді және қызықты екендігін дәлелдеді.

Өз тілшімізден.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button