Өңірде рұқсат етілмеген жерге қоқыс қалдықтарын төгу фактісі жиі тіркелуде. Дәл осындай жағдай Ақтоғай ауданына қарасты Шашубай кентінің маңында анықталған. Қоқыс үйінділерінің жиналғанын облыстық экология департаменті мамандары «Ғарыш сапары» геопорталы арқылы анықтаған.
Осы мақсатта эколог мамандар аудандық полиция бөлімінің мамандары және депутаттарымен бірлесе арнайы рейд жүргізді. Нәтижесінде эколог мамандар кент әкімдігімен бірлесе қоқыс айлақтарын жою жұмыстарын жүргізетін болды.
Сонымен қатар, стихиялық полигондардың пайда болуына жол бермеу мақсатында арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлемек. Алдағы уақытта жұмыс нәтижелері қосымша хабарланады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz