Шаруалар үшін жеңілдікпен несие беру іске қосылады
Елдегі ет бағытындағы ірі қара мен ұсақ малдың санын өсіру үшін 5 пайыздық несие беру басталады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында мәлім етті.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімді екі есеге көбейту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда шаруаларға жеңілдікпен кредит беру бойынша екі бағдарламаны іске қосу жоспарлануда.
– Бірінші бағдарлама ірі қара мен ұсақ малдың асыл тұқымды мал басын сатып алуға 50 млрд теңге бөлуді көздейді. Шаруалар жылдық 5%-бен “ұзақмерзімді” несие ала алады. Тағы 50 млрд теңге ағымдағы қаржыландыру тетіктеріне ұқсас, жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын айналым қаражатын кредиттеуге бағытталатын болады, – деді Айдарбек Сапаров.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА