1 мамырдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен бүгінгі брифингте жаңа ипотекалық бағдарлама қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, жаңа ипотекалық бағдарлама ағымдағы жылдың 1 мамырынан басталады.
– Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Отбасы Банкі» қазіргі уақытта 300 миллиард теңге тартуда. Бұл бағдарламаның жалпы көлемі. Халықтың әлеуметтік осал топтарының мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайды. 1 мамырда біз бағдарламаның барлық шарттарын толық жариялаймыз, – деді Қанат Шарлапаев.
Журналистер министрден көлік несиесі сияқты 17 секундтан кейін ипотекалық несиелер «таусылып» қалмай ма деп сұрады.
– Екі несиені қосып, шатаспау керек шығар. Отбасы банкі ұзақ уақыт жұмыс істеп келеді және ипотекалық несиені бөлуде өзін жақсы дәлелдеді. Отбасы банкінің бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыруға және оған ақша бөлуге жеткілікті құзыреті бар деп есептеймін. Жаңа бағдарламаның арқасында бұдан да көп азаматтарымыздың баспанаға қол жеткізуіне мүмкіндік туды, – деп жауап берді Қанат Шарлапаев.
2024 жылғы 15 наурызда өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды ұсынған болатын.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА