Руханият

«Шалқыма» сазды кешке шақырады

Қарағандыда «Шалқыма» концерт залында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрі өнер көрсетеді. «Астана – өнер ордасы» музыкалық бағдарламасы елорданың 25 жылдығына арналмақ.

 

Дирижерлік пультті қос маэстро тізгіндейді. Олар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Айтқали Жайымов және еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрлан Бекенов.

Бағдарлама бойынша сахнада қазақ және әлем классиктерінің шығармалары орындалады. Көрермендер назарына өз өнерінің шеберлері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Анар Мұздаханова (домбыра), «Құрмет» орденінің лауреаты Жанар Жүсіпова (қобыз), Мәдениет саласының үздігі Ботагөз Тәшімова (сымқобыз), халықаралық байқаулардың лауреаты Қайрат Жұмағалиевтің (домбыра) сазды кеші ұсынылмақ. Сонымен қатар, концерт солистері қатарында – «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Алтынбек Әбілдә (баритон), халықаралық конкурстардың лауреаттары Фируза Рахметова (сопрано) және Талғат Аллаберінов бар.

Жан Амантай,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button