Спорт

Шахтёрдің жас футболшылары Еуропа чемпионатының элиталық кезеңінде

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U17) тарихында алғаш рет Еуропа – 2026 чемпионатына іріктеу кезеңінің шағын турнирінде топ жарды. Осылайша команда жарыстың элиталық кезеңіне жолдама алып, отандық футбол үшін маңызды жетістікке қол жеткізді. Айтулы додада қарағандылық «Шахтёр» футбол клубынан бес ойыншысы ұлттық құрама сапында өнер көрсетті. Бүгін клубтың бас бапкері Игорь Солошенко мен жас футболшылар журналистермен жүздесіп, көпшіліктің сауалына жауап берді.

Суреттерді түсірген автор

Жалпы, биылғы чемпионаттың элиталық кезеңіне 28 команда жолдама алған. Алдағы 10 желтоқсанда өтетін жеребе барысында осы құрамалар жеті топқа бөлінеді. Әр топта төрт құрама өнер көрсетіп, келесі кезеңге шығу үшін өзара күш сынаспақ. Дәл сол кезде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының да қарсыластары белгілі болады.

– Іріктеу кезеңіндені қарсыластарымыз осал болмады. Нидерланды, Хорватия, Албания сынды тәжірибелі әрі білікті құрамамен кездестік. Ең бастысы, біз өз мүмкіндігімізді, қауқарымызды көрсеттік. Енді келесі кезеңге дайындықты күшейтеміз, – деді Игорь Александрович.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы нұсқасынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button