Спорт
«Шахтёрдің» қатары жаңа ойыншылармен толықты
Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының қатары жаңа ойыншылармен толықты.
Аталмыш клуб грузиялық қорғаушы Антон Толордавамен келісім-шартқа отырды. 26 жасар ойыншының соңғы клубы сербиялық «Раднички» (Ниш) болған. Сонымен қатар, Толордава грузиндік «Телави» және эстониялық «Левадияда» өнер көрсеткен.
Және де Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Юрий Перцухты қатарына қосты. 26 жасар ойыншы бұған дейін елордалық «Астанада», оралдық «Ақжайықта», петропавлдық «Қызыл-Жарда», «Бәйтеректе», «Атырауда» және «Ақтөбеде» ойнаған. Ұлттық құрама үшін 17 кездесу өткізіп, бір гол соққан.