Бас тақырыпБасты тақырып

«Шахтёр» Премьер-лигаға оралуға бет алды: клубта ауқымды өзгерістер басталды

«Шахтёр» футбол клубында кадрлық өзгерістер орын алды. Клубтың спорт директоры қызметіне қазақстандық футбол маманы Арсен Іңкәрбеков тағайындалды. Ол кәсіби футболшы ретінде өнер көрсетіп, кейін бапкерлік және басқарушылық бағытта тәжірибе жинаған. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сурет «Шахтёр» ФК

Жаңа спорт директорының айтуынша, алдағы маусымдағы басты мақсат – бірінші лигада чемпион атанып, «Шахтёрді» Премьер-лигаға қайта шығару. Құрамды жасақтау жұмыстары басталып, ойыншыларды іріктеу Түркияда өтіп жатыр. Селекцияда заманауи технологиялар қолданылып, тәжірибелі әрі жас футболшыларға басымдық берілуде.

Сонымен қатар «Шахтёр» М жастар командасы Екінші лигада чемпион болуды көздейді. Клуб әйелдер футболын дамытуға да назар аударып, әйелдер командасын Әйелдер лигасына қосу үшін Қазақстан футбол федерациясына ресми өтініш жолдады.

Клуб дамуының негізгі бағыты – академиядан негізгі командаға дейінгі бірыңғай дайындық жүйесін қалыптастыру. Осы мақсатта ойыншыларды дамыту бөлімі құрылмақ. Академия үйлестірушісі қызметіне Қазақстан чемпионы Максим Жалмағамбетов тағайындалды.

ФК «Шахтёр» алдағы маусымда жүйелі жұмыс пен нақты мақсаттар арқылы жоғарғы лигаға қайта оралуға ниетті.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button