АймақБас тақырып
«Шахтёр» әйелдер командасын құрды
Қарағандының «Шахтёр» клубында алғаш рет әйелдер командасы жасақталды. Ұжым Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді.

Құрам негізінен клуб тәрбиеленушілерінен құралған, сондай-ақ «Астанадан» екі ойыншы қосылды. Команда қазіргі таңда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Дебюттік матч Қарағандыда Семейдің «Елімайына» қарсы өтеді. Бұл – клуб тарихындағы жаңа кезеңнің басталуы.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



