Шахан кентіндегі Шахтинск қаласының арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығы, міне, ширек ғасырдан бері қараусыз, күтімсіз қалған қарттар мен кембағал жандарды мейірімге бөлеп, шапағатын шашумен келеді.

Ашылғанына биыл 25 жыл толған бұл орталықтың үшқабатты ғимараты 2010 жылы күрделі жөндеуден өтіп, онда тұрып жатқан 110 адамға қолайлы тұрмыстық жағдай жасалып, тиісті әлеуметтік көмек көрсетілуде.
Аталған мекемеге директор болып тағайындалғанына бір жарым жыл болған Ықылас Мұстафин:
– Бізде тұрып жатқан адамдар дың бәрі бірдей қариялар емес. Олардың ең үлкенінің жасы жүз ге жетіп қалса, отыздан жаңа ғана асқан өрімдей жастар да бар. Негізі біздің орталыққа қамқорлық пен бағыпқағуға мұқтаж зейнет керлер мен 1 және 2топтағы мүгедектер арнайы комиссияның ұй ғарымымен қабылданып, оларға 68 қызметкеріміз қызмет жасап, тиісті әлеуметтік көмегін көрсетеді, – дейді.
Бұл айтылған әлеуметтік көмек түрлерін осында ашылған күннен бері жұмыс істеп келе жатқан директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Светлана Конюхова тарқатып берген еді. Оның айтуынша, бұл әлеуметтік көмек жеті бағытта жасалады екен. Мәселен, бірінші әлеуметтіктұрмыстық көмек ая сына жатын бөлмесінің тазалығы, күнделікті қажет заттармен қамтамасыз етілуі, киімкешек пен төсек жабдықтарының жуылып, үтіктеліп, бес мезгіл ассуының әзір болуы кіреді екен. Бұл жасалып отырған жағдайға біз кіріп, сөйлескен бөлмелердегі адамдардың дән риза екенін сөздері мен жүздерінен де, тұрмыстық бөлмелердегі жұмыс үдерісінен де көріп, аңғардық. Соның ішінде сол күнгі ас мәзірінде жаңа піскен жеміс пен көкөніс, ет және сүт өнімдері, түрлі шырын сусындары молдығын да байқадық.
Келесі әлеуметтікмедицина лық көмек саласында 3 дәрігер мен 7 медбике, спорт нұсқаушысы орталық тұрғындарының ден саулығын үнемі бақылауда ұстап, олармен емдеуденешынықтыру жаттығуларын жүргізіп, денелері не массаж жасап, сыртта «АрселорМиттал» жасап, сыйға тартқан спорт алаңында жаттықтырып, тұзды шахтаға түсіретін көрінеді. Өз бетінше қозғала алмайтындарға бұл көмек бөлмелерінде не арбамен әкелініп, көрсетіледі. Тамақ ішкенде де, суға түсіп, жуыныпшайынғанда да осы тәсіл қолданылады. Ендігі әлеуметтікпсихологиялық көмек бағытында психолог маман орталықтағы әрбір адам ның жайкүйін қадағалап, олармен сөйлесіп, моральдық қолдау жасайды.
Өйткені, олар мұнда тұрмыс тауқыметі, мүгедектік зардабынан, тағы да басқа себептермен түскен жандар ғой. Әлеуметтікеңбек көмегі үшін орталықтың шағын жылыжайы таптырмас орынға айналған. Онда бойында әлі де күшқайраты бар адамдар қияр мен қызанақ өсіріп, одан жиналған өнімді тұздап, ортақ дастарқандарына түсірумен шұғылданады. Олардың бұл әрекетінің басықасында дәрігер мен еңбек нұсқаушысы жүреді. Әлеуметтікмәдени көмек тұрғысында орталықта түрлі мәдени шаралар өткізіліп, оның тұрғындары тысқары жерлерге концерт, киноға да апарылып тұрады. Егер бос уақытында зерігер болса, 500ге тарта орысшақа зақша кітап қоры бар кітапханада рухани азық алуларына болады.
Тағы бір әлеуметтікэконо микалық көмек орталықтағы адамдардың зейнетақы мен жәр демақыларын мезгілінде алып, өздігінше жұмсауын көздейді. Ол ақша қаражатының дәрідәрмекпен керекжарағы үшін мемлекет те қалатын 70 пайыздан қалған 30 пайызының қолды болмауы осын да орнатылған бейнекамералар мен бақыланып, жүріп тұратындары оны тиісті жеріне өз аяғымен барып, алады. Ең соңғы әлеуметтікқұқықтық көмек бөлігінде орталық заңгері олардың заңды мүдделерін сотта қорғап, сенімхатпен талапкер болып, нотариуста , төлқұжат, басқа да құжаттарын ретке келтіруде өкілі бола алады. Осының бәрі жиыла келе тұтас бір әлеуметтік көмек кешенін құрайды. Біз сөйлескен тағдыры әртүрлі адамдар да осы орталыққа соған ділгер болып келген. Мысалы, 98 жастағы тыл ардагері Просковья Аксеновна Приходьконың ұлы Ресейге көшіп кетіп, өзі Қазақстанды қимай қалған. Ал 76 жастағы Мұрат Сәдуақасов пен 73тегі Серік Баеділов өмірі үйленіп, отбасын құрмаған болып шықты. Қартайып, күшқайраты кеміген шақта олардың бұдан басқа барар жері болмағандықтан да осы орталыққа келіп, қоныс танған. Енді, ашығын айту керек, алдажалда дәм таусылып, қайтыс болған жағдайда да орталық оларды көмусіз қалдырмай, ақ жауып, арулап жөнелтеді. Егер балалары не туыстары өздері алып кетіп, жерлейміз десе, оған да қарсылық жоқ.
…Жас күнімізде ауылдағы қариялар бір нәрседен қиналып қысылса, «Өкімет далаға тас тамайды» деп отырушы еді. Сол айтқандай, Шахандағы әлеуметтік көмек көрсету орталығының бүгінгі жұмысынан осыны анық көріп, куә болдық.
Ержан ИМАШ
«Ortalyq Qazaqstan»
ШАХТИНСК