Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға ерекше назар аударылады. Осы міндеттерді практикада іске асыру жергілікті жерлерде мемлекеттік органдардың жүйелі жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

2025 жыл ішінде Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жұмыс тұрақты негізде жүргізілді. Басқарманың қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.
Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, оның нәтижелері жұртшылық, саяси партиялар және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен жариялы түрде талқыланды. Талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда.
Жыл бойы “AMANAT” партиясы, прокуратура органдары, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің, сондай – ақ әдеп жөніндегі уәкілдер мен Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының қатысуымен семинарлар мен кеңестер өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Басқарма қызметкерлері үшін 92 құқықтық жалпыға бірдей оқыту және семинар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін 69 семинар мен кездесу өткізілді. Басқарманың барлық 12 мемлекеттік қызметкері сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл негіздері бойынша оқытулардан өтті. Қызметкерлер мен олардың жұбайлары кірістер мен мүлік туралы декларацияны белгіленген тәртіппен тапсырды.
Ашықтықты және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету үшін әлеуметтік желілерде 12 тікелей эфир, 43 радиолекция өткізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы 868 ақпараттық материалдар жарияланды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы 32 меморандум жасалды. Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру шеңберінде барлық қызметтер электрондық форматта көрсетіледі. Есепті кезеңде 47 мемлекеттік қызмет көрсетілді, мерзімдерді бұзуға және негізсіз бас тартуға жол берілмеді.
Жыл ішінде азаматтар мен заңды тұлғалардан 56 өтініш келіп түсті, барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралды. Басқарма басшылығына жеке қабылдауға 26 адам жүгінді, барлық мәселелер қабылдау барысында шешілді. Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ.
Жүргізіліп жатқан жұмыс Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық міндеттерге толық сәйкес келетін ашықтық, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік ахуалын қалыптастыруға бағытталған.
С.ИРИСТАЕВ,
Шахтинск қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері



