Тамыз айының соңғы күнінде кеншілер қаласы Шахтинск шалқыған шаттық құшағында болды. Мұнда таңертеңнен түн баласына дейін жыл сайынғы Шахтерлер мерекесі қызып, ән шырқалып, би биленіп, түрлі спорт жарыстары өтті.

Бұл күні шахтинскілік кеншілерді қала әкімі Мұрат Қыдырғанбеков, «Qarmet» АҚ бас директоры Вадим Басин, Көмір департаментінің директоры Жақан Мұхамеджанов кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбек озаттарын марапаттады.
Мерекенің концерттік бағдарламасында Қали Байжанов атындағы облыстық концерттік бірлестіктің әнші, бишілері және жергілікті өнерпаздар, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Айқын Төлепберген , Мақпал Исабекова, Әлем өнер көрсетіп, соңынан отшашу болды.
Толығырақ «Ortalyq Qazaqstan» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.
Ержан Имаш,
ШАХТИНСК