Шахтинскіліктер де өз шешімін білдіреді
Бүгін елімізде АЭС құрылысын салу жөнінде Шахтинск қаласында құрылған №34 учаскенің бәрінде де дауыс беру белсенді өтуде. Соның ішінде қаланың 1-ші мектебінде орналасқан №370 және №371 учаскелерде де ол қарқынды.
Сағат 11-ге дейін бұл жерлерде тіркелген 1392 және 800 адамның 15 пайызы өз таңдауларын жасап үлгерген. Атап айтқанда,жоғарыдағы №370-ші учаскеге келіп дауыс берген 80 жастағы Хамзат Муступаев Қазақстанды өз еліндей санайтынын, бұл референдум оның болашағына жасалған батыл қадам екенін айтса, келесі бір №384-ші учаскеде дауыс берген қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмина Сатова:
– Референдумда әркім өзінің пікірін білдіруге құқылы.Оны ешкім де шектемейді.Мұның өзі елімізде демократияның салтанат құруының белгісі, – дейді.
Ержан ИМАШ,
Шахтинск
Ortalyq.kz