АймақЖаңалықтарШахтинск

Шахтинскіде тұратын қақпашы әлем чемпионатында үздік атанды

Мексиканың Канкун қаласында өткен 32 команда қатысқан 6х6 шағын футболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші орын алды.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінен

Турнирдің ең үздік қақпашысы атанған шахтинскілік Ақбұлан Еркінбек сегіз жылдан бері шағын футболмен айналысады. Ол бұл спортты тек өзіне қуаныш сыйлайтыны үшін  ойнайтынын айтады.

«Мен үшін бұл жай ғана хобби. Мен кәсіби түрде ойнамаймын», – дейді ол.

Бұған дейін Ақбұлан 2023 жылы Еуропа чемпионы атанып, 2024 жылы әлем чемпионатында күміс алған. Сондай-ақ, қазан айында клубтық әлем чемпионатының ең үздік қақпашысы деп танылды.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button