Шахтинск

Шахтинскідегі апат Үкімет бақылауында

Премьер-Министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті.

Үкімет басшысы кәсіпорын басшылығының назарын жұмыскерлердің өлімі мен жарақаттануына әкеп соқтырған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі кемшіліктерге аударды.

Сондай-ақ Премьер-Министр «ArcelorMittal»-дың басшылығынан жағдайды түзету үшін шаралар қабылдауды тапсырды.

Айта кетейік, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин шахтасында болған апаттан 5 жұмысшы қаза тапты.

Тексеру қорытындысы бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100% дәлелденді.

Басқа материалдар

Back to top button