АймақЖаңалықтар

Шахтинскіде зейнеткерді тонаған ер адам құрықталды

Шахтинск полиция бөлімінің қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адамды ұстады.

Сурет: ВКонтакте желісінен

Ол тапа-тал түсте көпқабатты үйдің ауласында 73 жастағы зейнеткерге шабуыл жасап, егде адамның 230 мың теңгесін қолды етіп, ізін жасырған. Көп ұзамай полиция қызметкерлерінің қырағы қимылының арқасында күдікті ұсталып, одан айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button