АймақЖаңалықтар
Шахтинскіде үш көліктің қатысуымен жол апаты болды
Шахтинск көшелерінің бірінде жол-көлік оқиғасы болды. Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апаты кеше кешкі сағат 19:07-де «Қазақстан» көшесінде болған.

– «Sang Yong Action», «Chevrolet Cobalt» және «Audi C4» көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тек қана көліктерге механикалық зақым келді», – делінген хабарламада.
Аталғын факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.