АймақБас тақырыпБасты тақырыпШахтинск

Шахтинскіде оқушылар мен еріктілер 200 қарағаш көшетін екті

Шахтинскіде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтіп, орталық саябақта оқушылар мен еріктілер 200 қарағаш көшетін екті. 

Суреттер облыс әкімдігінен

Арнайы қойылған баннерде әркім өз тілегі мен ізгі ниетін қалдырды.

Балалар табиғатқа ризашылық сезімдерін, таза әрі жасыл болашақ туралы армандарын, сондай-ақ ағаштарды күтіп-баптауға және қоқыс тастамауға деген уәделерін жазып қалдырды.

Ұйымдастырушылар «Таза Қазақстан» – еліміздің әрбір тұрғынының табиғатқа деген жауапкершілігі мен экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді бастама екенін атап өтті.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button