АймақБас тақырыпБасты тақырыпШахтинск
Шахтинскіде есірткі өсіретін жасырын фитолаборатория анықталды
Қарағанды облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, аймақта есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірумен айналысқан 39 жастағы тұрғын ұсталды.

Тексеру кезінде оның үй ауласындағы қорада қарасора өсіруге арналған арнайы жарық пен суару жүйесі бар фитолаборатория ұйымдастырғаны белгілі болды. Күдікті тұқымдарды көктемде тауып алып, интернет арқылы жылыжай жасау тәсілдерін үйренгенін айтқан.
Полиция қызметкерлері жылыжайдағы барлық құрал-жабдық пен тұқымдарды тәркіледі. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен тергеу амалдары жүргізілуде.
Аяулым СОВЕТ