Шахтинск жылу электр орталығындағы ахуал күрделі
Шахтинск жылу электр орталығының тозу деңгейі – 75 %. Ахуал – күрделі. 10 жыл бойы орталық күрделі жөндеу көрмеген. Биыл үш қазандық пен екі турбина жаңғыртылуда. Қарағандыға жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр барлық жұмыс уақытында аяқталуы керек екенін және ескертті.
Бұнымен бірге, жөндеу науқаны туралы бірінші вице-премьерге «Қарағанды Энергоорталық» компаниясының басшылығы да баян етті. Ол облыс орталығының тұтынушыларын жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Құрамына екі энергия көзі кіреді. Олар – үшінші жылу электр орталығы және бірінші жылу электр орталығы. Алдағы жылу беру маусымына дейін жалпы 16 қазандық пен 10 турбина жөнделмек. Жұмыс кестемен жүріп жатыр. Биылғы жөндеу бағдарламасының жалпы құны 13 млрд. теңгеден асады.
Сондай-ақ, Роман Склярға үшінші жылу орталығы құрылысының барысы туралы айтылды. Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Оны іске асыру жылумен жабдықтау жүйесін жақсартуға және қаланың жаңа нысандарын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz