АймақШахтинск

Шахтинск жастарының жетекшісі орталықтың жұмысымен танысты

Республикамызда өтіп жатқан “Заң және тәртіп” акциясы аясында Шахтинск қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Айтуар Амантайұлы Қуат осындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, оның жұмысымен танысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

 

Ол мұнда орталықтың жалпы жағдайы, азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, қызмет көрсету үдерісінің ұйымдастырылуы мен цифрлық сервистердің қолжетімділігіне назар аударып, қанықты.

– Сонымен қатар, осы барғанымда орталық басшылығымен өтінішімен келген халыққа қолайлы жағдай жасау, құқықтық мәдениетті арттыру және қызмет көрсету тиімділігін күшейтуге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді талқыладық, – дейді Айтуар Амантайұлы.

Ержан ИМАШ,
ШАХТИНСК

Басқа материалдар

Back to top button