Жаңалықтар

Шахтинск жастары белсенді

Шахтинск қаласының еріктілері тыл еңбеккері Николай Павловтың ауласын тазалап, ретке келтірді. Қала жастары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында игі бастаманы қолға алған.  

Суреттер: ұйымдастырушылардан

Бұған дейін еріктілер қаладағы және қала іргесіндегі кенттегі Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған төрт еске алу обелискісін, қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге арналған мемориалды және Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған барельеф пен Абай Құнанбаев ескерткіші, одан бөлек төрт тарихи-мәдени ескерткіштің маңын тазалады. Шашылған қоқыстарды жинап, ескерткіштерді сүртті.

Сонымен қатар, тыл ардагерлері Зоя Бородулина мен Галина Майорованың үйіне барып, ауласын қоқыстан тазартты. Бұл жолы да игі шарадан қалыс қалмай, тыл еңбеккері Николай Павловтың шаңырағына барды. Ауладағы қоқысты тазалап, бақшадағы арамшөптерді жұлды. Ауласын ретке келтіріп, ардагердің ақ батасын алды.

Айта кетейік, Шахтинск белсенді жастары осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button