АймақЖаңалықтарШахтинск

Шахтинск технологиялық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас өтті

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің құқықтық санасын арттырып, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу. Пікірталасқа колледж студенттері мен ұстаздары, ішкі саясат бөлімінің өкілдері және жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

Сурет ұйымдастырушылардан

Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, азаматтық жауапкершілік және қоғамда төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру жайында өз ойларын ортаға салды.

Шара барысында студенттер сыбайлас жемқорлықтың зияны, оны болдырмау жолдары және оқу орнында ашық орта қалыптастыру тақырыптарында пікір алмасты. Сонымен қатар жеке жауапкершілік пен этикалық ұстанымдар туралы мәселелер талқыланды.

Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ұстанымдарын нақты деректермен қорғап, түрлі мысалдар келтірді. Шара соңында белсенді студенттер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастырып, саналы әрі жауапты азамат тәрбиелеуге сеп болады.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button