Жаңалықтар

Шахтинск тұрғындары белсенді

Шахтинск қаласының аумағына Шақан, Долинка, Жаңа Долинка кенттері де кіреді. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуға бұл аумақтардан 40 407 адам тіркелген.Олар дауыс беруі үшін 1 қалалық және 34 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеуде.

Бұлардағы дауыс беру барысын арнайы тіркелген Европа Қауіпсіздік кеңесі ұйымының Германия мен Норвегиядан келген 2 өкілі мен Президенттікке үміткерлердің 18 сенімді өкілі, “Аманат”, “Ауыл”, “Ақжол”, ҚХП ,түрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан 70 адам қатысып бақылауда. Аумақ тұрғындарының бұл сайлаудағы белсенділігі жоғары.Олардың 55,25 пайызы яғни, 22325 адам түскі сағат 2-ге дейін өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

Ержан ИМАШ

ШАХТИНСК

Басқа материалдар

Back to top button