Шахтинск

Шахтинск қарқынды дамуда

Шахтинск қаласында «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында атқарылған шаралар аз емес. Аймақ экономикасын қарқынды дамытуда және халықтың әл-ауқатын арттыруда нақты бағыттар қолға ал­ынған.

Бейсенбі күні Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов аймақтық коммуникациялар алаңында өткен брифингке қатысты. 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Алдымен, аймақтың қысқа дайындығын тілге тиек етіп, жылу қазандықтарының жұмысына тоқталды.

Айта кеткен жөн, былтыр қыста Шахтинск қаласында жылу бірден 3 есеге қымбаттап, жеке сектордағы 350 үйдің тұрғыны бұрын шаршы метріне 80 теңге төлеп келсе, ол сома қаңтар айынан бастап 225 теңгеге көтерілген болатын. Жылу таратушы «Шахтинсктеплоэнерго» серіктестігінің бұл әрекетін сот орындары заңсыз деп таныды. Компания қазіргі таңда тарифті заңға сәйкес өсіру үшін тұрғындармен кездесулер өткізуде.

Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі таңда Шахтинск қа­ла­сында тұрғын үйлер мен әлеуметтік мәдени-тұрмыстық ны­сандарды «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС жылумен қамтамасыз етіп отыр. Бұл ретте, Жаңадолинка, Долинка, Шахан елді мекендерін жылумен жабдықтау дербес автономды жылудың қайнар көзі арқылы жүзе асады. Биыл «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС ғимараттарында негізгі және қосалқы жабдықтың жөндеу жөніндегі жұмыстар көлемі жоспарланды. Желілер 100% ауыстырылды. Үш қазандық пен құбыр агрегаты жөндеуден өткізілген.

Әрбір қала тұрғыны жылу мөлшерін біліп отыру үшін үйіне есептегіш құрал орнатуы тиіс. Шахтинскідегі жеке сектор тұрғындары есептегіш құрал орнатса, жылу ақысын едәуір аз төлейді. Әкімдіктегілер Қарағанды қаласынан он шақты фирманың өкілдерін шақырып, тұрғындарға есептегіш құралдардың түр-түрін таныстырған. Келіспеген зейнеткерлер коммуналдық қызмет ақысын төлей алмаса, үкіметтен берілетін тұрғын үй жәрдемақысын алуына болады, – деді Сержан Жаңабекұлы.

Сондай-ақ, қала басшысы моноқала бағдарламасымен 2 жоба жүзеге асырылуда екенін айтты. Құрылыс материалдарын өндіру бойынша жалпы сомасы 499 млн. теңгеге – «Еңбек – Қарағанды» РМК базасында «Қазстроймарт – 2050» ЖШС құру жоспарланған. 2017 жылы фин технологиясымен көкөніс өсіретін «GoGreen.kz» жылыжай кешені жобасын іске асырмақ.

Сондай-ақ, өңірде экспортқа бағытталған өнімдер ұсынатын кәсіпорындардың жұмысы қарқынды. Бүгінгі таңда «AstanaPowerEnginering» ЖШС кәсіпорны Қырғызстан, Өзбекстан елінің нарығына ұн экспорттауды бастаған. Алдағы уақытта зергерлік әшекейлер шығаратын «TumarKZ» ЖК өнімдері және шұжық тағамдарын өндіретін «Апрель-Құлагер» ЖШС өнімдерін Ресей еліне эскпорттау жоспарланып отыр.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button