Бас тақырыпБасты тақырыпШахтинск

Шахтинскіде «Taза Қазақстан» экологиялық сенбілігі өтті

Шахтинск қаласында «Taza Qazaqstan» жалпыұлттық акциясы аясында тұрғындар төбешікті тазалап,  экологиялық сенбілік өткізді.

Сурет облыстық әкімдіктен

50-ден астам қап қоқыс жиналып, қайта өңдеу орындарына жіберілді. Қатысушыларға қоршаған ортаны қорғаудың символы ретінде экологиялық сөмкелер сыйға тартылды. Сенбілік барысында қоқысты сұрыптап жинаудың маңызы түсіндіріліп, тұрғындар арасында ақпараттық науқан өтті.

Викториналар ұйымдастырылып, ең белсенді қатысушылар марапатталды. Бұл бастама қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанын көрсетеді.

Шара Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану саласын реттеу басқармасы мен Шахтинск қаласының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтті.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button