Бас тақырыпЖаңалықтар

Шахтинск қаласында сегіз мың шақырымнан астам жол жөнделеді

Биыл Шахтинск қаласында ауқымды жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Орташа жөндеу жұмыстары аясында 25-ші квартал, Молодежная көшелері, сондай-ақ білім беру мекемелерінің көлік тұрақтары қамтылмақ.

Сурет: қалалық ішкі саясат бөлімінен

Шахтинск қаласындағы Молодежная көшесінде ұзындығы 873 метр болатын тас жолды орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары басталмай тұрып, көшедегі суды ағызатын нөсер каналын қалпына келтіру жұмыстары өткен жылы жүргізілген болатын.

Бұл көшеден бөлек басқа да жолдар биыл орташа жөндеуден өтеді. 25-ші орам көшелеріндегі жол жамылғысын жөндеу жоспарлануда. Жұмыстарға Чкалов, Ветеранов, Пархоменко, Абай, Чапаев, Тургенов, Дзержинский көшелері, сонымен қатар Дзержинский көшесінен кіреберіс, Пархоменко көшесінен жеке аулаларға кіреберіс, Пархоменко көшесі мен Ветеранов көшелерінің арасындағы өткел кіреді.

Сондай-ақ қаладағы білім беру мекемелерінің: №9 орта мектептің, «Еркетай» балабақшасының және Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының көлік тұрақтары аумағында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жұмыстар шамамен қыркүйек айының ортасында аяқталады деп жоспарлануда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button