Спорт
«Шахтер» «Жетісудан» айласын асыра алмады
Қарағандылық «Шахтер» ел чемпионатының ХІІІ турында «Жетісу» клубын қабылдап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Ойыннан кейін қарағандылық клубтың бас бапкері Игорь Солошенко ойынға тоқталып, өз ойымен бөлісті.
– Қарсыластар мінез көрсетті. Жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Бір мүмкіндік келгенде оны сәтті пайдаланып, гол салды. Ал, ойынның екінші минутында керісінше, бізде көп мүмкіндіктер болды. Өкінішке қарай, мүмкіндіктерімізді мүлт жіберіп алдық. Келесі ойынға дайындалып, қателіктерімізбен жұмыс істейміз, – деді бас бапкер.
ХІІІ турдың қорытындысы бойынша қарағандылықтар 12 ұпаймен Х орында.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz