Спорт

«Шахтер» жаттығу жиынын аяқтады

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы Түркияда өтіп жатқан үшінші жаттығу жиындарын аяқтады. Бұл жолы жерлестер жалпы төрт жолдастық кездесу өткізген болатын. Соның ішінде соңғы екі ойында жеңіске жетіп, жақсы нәтижесін көрсетті.

Сурет клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Бірінші кездесу Өзбекстанның «Газалкент» футбол клубымен өтті. Ойын басталған сәттен-ақ алаңдағы тартыс жоғары деңгейде өрбіді. Екі команда да тынымсыз алға ұмтылып, кезек-кезек шабуылдаумен болды. Дегенмен, матч барысында жерлестер қарсылас қақпасына бірнеше соққы жасады. Нәтижесінде, Глеб Макридов, Азамат Еркінбек және Артем Литош көзге түсіп, командасына жеңіс сыйлады. Матч қорытындысы бойынша жерлестер 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті.

Екінші ойында швейцариялық «FC Brugg» командасымен ойнаған болатын. Бұл «Шахтер» футбол командасының оқу-жаттығу ойындарының аясындағы соңғы матч еді. Соңғы матчта Артем Литош және Ален Пак есеп ашып, командасына жеңіс сыйлады. Есеп – 2:0. Осылайша, қарағандылықтардың оқу-жаттығу жиындары сәтті аяқталды. Енді команда үшін тек маусымның басталуын күту қалды.

Айта кетейік, жерлестер үшінші оқу-жаттығу жиынында бұған дейін ресейлік «Балтика-2» және «КВД» клубымен ойнап, жеңіліп қалған болатын.

Дарина САМЕН,
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ IV курс студенті

Басқа материалдар

Back to top button