Жаңалықтар
«Шахтер» шағын ауданында бір тәулік су болмайды
Ертең Майқұдықтағы «Шахтер» шағын ауданында су құбырлары ауыстырылады. Соған сәйкес жеке тұрғын үйлерде бір тәулікке суық су өшіріледі.
Жоғарыда аталған тұтынушыларға су беру жер асты Соқыр су жинағышынан «Энергоуголь» ӨБ су құбыры арқылы жүзеге асырылады. Соған сәйкес, су құбырының авариялық учаскесін ауыстыру жұмыстары 15 маусым сағат 8:00-ден 16 маусым сағат 8:00-ге дейін жүргізіледі. «Қарағанды Су» ЖШС мамандары тұрғындардан қажетті мөлшерде су қорын жинап алуға шақырады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz