Спорт

«Шахтер» «Тобылдан» айласын асыра алмады

Футболдан ел чемпионатының жаңа маусымы басталды. Алайда, қарағандылық «Шахтер» клубы бұл жолы да сүреңсіз ойын көрсетуде. Қарағандылықтар ІІІ турда сырт алаңда «Тобыл» клубымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

Жерлестер бұған дейін «Астана» (2:1) және «Ордабасы» (1:4) клубымен кездесіп, жеңе алмаған. Бұл жолы да тобылдықтардан айласын асыра алмады.

Алаң иелері 20-шы минутта есеп ашты. Гол авторы – Игорь Сергеев. Тобылдық шабуылшы 57-ші минутта екінші голды салып, қос голдың авторы атанды. Жерлестер, тек ойынның соңғы минутында есеп алшақтығын қысқартты. Гол авторы – Айдос Таттыбаев.

Қатарынан үш ойын жеңілген қарағандылықтар турнир кестесінде – ХІІ орынға табан тіреді. Ал, көш басында 9 ұпаймен – «Ақтөбе» клубы. Одан кейінгі сатыда «Ордабасы мен «Тобыл» клубы өкше басып келеді. Қос команданың қоржынында – 9 ұпайдан.

Қарағандылық клубтың бас бапкері Игорь Солошенко кешегі ойын жөнінде өз пікірін білдірді.

– Өкінішке қарай, матч барысында команда тарапынан көп қателіктер болды. Олардың әр жіберген қателігі голға айналды. Ал, содан кейін жігіттер ойынға қайта кіре алмады. Біз осы уақытқа дейін қарсыластар «допты алаңның ортасында көбірек ұстайды» деп болжадық. Әрі солардың шабуылына қарсы арнайы жаттығуларды өткізіп, дайындалдық. Алайда, қателіктің бәрі өзімізден болды, – дейді бас бапкер.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button